• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2022

Сәтбаевта «Шапито» циркінің әртісіне қатысты тергеу жүріп жатыр

187 рет
көрсетілді

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының полицейлері «Шапито» циркінің 18 жастағы әртісі Мария Катсунның өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша бойжеткен өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде Мария Катсунның өлімі туралы ақпарат тараған еді. Хабарларда қыздың суицид жасағаны айтылады. Бірнеше күн бұрын ол «Шапито» цирк труппасымен бірге Сәтбаевқа гастрольдік сапармен келеді. Қыз қандай жағдайда қайтыс болғаны әлі белгісіз.

Ұлытау облысындағы полиция өкілдерінің ресми мәліметінше, қыздың өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 105-бабы, «суицидке жеткізу» бойынша тергеу жүргізілуде.

- Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім жағымды болады, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.